Біздің Головкиннен қалған IBF версиясының чемпиондық белбеуікімге бұйыратыны әлі күнге белгісіз. Иесіз қалған қалған белбеуді америкалық Даниэль Джейкобс пен украйналық Сергей Деревянченко сарапқа салатын болған. Бірақ екі үміткер арасындағы кездесу өткізілмей қалуы мүмкін, деп хабарлайды SportX.
Әйгілі промоутер Эдди Хирн, Джейкобстың жекпе-жегін НВО телеканалы көрсетуі тиіс деп отыр. Өйткені боксшының қолында аталмыш телеканалмен арадағы екі жақты келісім шарт бар ұқсайды. Промоутер басқа жағдайда Джейкобс алдағы бәсекеден бас тартатынын мәлімдеді.
5-шілде күні Джейкобс-Деревянченко арасындағы жекпе-жекке қатысты промоутерлер өзара саудаласып,олардың жеңіске жеткені телеканалдардан келіп түскен ұсыныстарды таңдайтын болады. .
Егер Джейкобс кездесуден бас тартса, IBF украйналық боксшыға басқа қарсылас тауып береді. Осылай болған жағдайда Деревянченконың матчтан түсетін қаржысы анағұрлым төмен болады.
Бәрі дұрыс-ау. Бірақ біздің Головкин дәурен құрып тұрған орта салмақта бір шикілік бар сияқты болып көрінеді. Сөздің шыны БАҚ көздері украйналық боксшы жайлы көп жаза бермейді. Мұхиттың арғы беті мен бергі бетінде, әсіресе Ресей мен Қазақстанда Головкин жайлы материалдар күн сайын шығып жатады. Әрине, Геннадийдің жеңістері соған тұрарлық. Дегенмен жерлесіміздің алдында алынбаған қамалдар әлі жетеді. Оның жолына қараған жерлестері, қарағандылық чемпитоннан жылдар бойы айта жүретін өзгеше бір жекпе-жекті күтетін сияқты.Бір қарағанда Генаның салмағында өзімен күш жарыстыратын боксшы қалмағандай көрінеді. «Күш атасын танымас» дегендей, мықтылар жетеді. Сондықтан Головкиннің бойында күші бар кезде, мықтылардың -мықтыларымен кездескенін қалайтын жанкүйер көп. Содан болар соңғы кездері бокс сүйер қауым арасында Головкин мен Деревянченконың жекпе-жегін іштей тілеп жүргендер өте көп. Олар алысқа көз жүгірте алатын һәм бокс өнерін жақсы түсінетін жандар. Естеріңізге салсақ, Головкин IBF нұсқасы бойынша өзінің чемпиондық атағын қорғау үшін 3- тамыз күні Деревянченкомен кездесетін болған. Сол кезде украйналық боксшы осы белбеуден бірден-бір үміткер болатын. Өкінішке орай сол тұста Сауль Альвареспен арадағы қарымта матчты көздеген жерлесіміз, айналып келгенде чемпиондық белбеуден айырылып тынды. Егер,Кеңес бокс мектебінен сусындаған қос мықты сол жолы жұдырық түйістіргенде, қай мықтының бағы жанар еді деген сұрақ көпшілікті әлі күнге мазалайды.
Енді міне, Джейкобс- Деревянченко арасындағы бәсекенің тағыдыры да қыл үстінде. Деревянченко тарапынан ешқандай мін жоқ, ол кез-келгенмен жекпе-жек өткізуге дайын. Осыған қарағанда сылтау тапқан Джейкобспен оның командасы украйналық жігітпен кездесуден қашқақтайтын сияқты. Кім не айтпайды, бәрі уақыттың еншісінде. Оны да көре жатармыз.