Деңгейіміз бір сатыға төмендеген

Бүгін Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңа рейтинг кестесін жария етті. Бұған дейін 116- орында болған еліміздің бас командасы жаңартылған кестеде бір сатыға төмендеген, деп хабарлайды  SportX.kz.

Өз елінде өткен мундиальдың ширек финалына жетіп жығылған Ресей  жаңа тізімде 21 орынға алға жылжыған. Өзбек ағайындар осыдан бір ай бұрынғы орындарын (95) сақтап қалыпты. Көш тізгіні Францияға тисе, Бельгия екінші, ал Бразилия үшінші орынға жайғасыпты.

 ФИФА рейтингі:

1 (7). Франция – 1726 ұпай
2 (3). Бельгия – 1723
3 (2). Бразилия — 1657
4 (20). Хорватия — 1643
5 (14). Уругвай — 1627
6 (12). Англия — 1615
7 (4). Португалия — 1599
8 (6). Швейцария — 1597
9 (10). Испания — 1580
9 (12). Дания — 1580

49 (70). Россия — 1410

95 (95). Өзбекстан -1247

117(116). Қазақстан- 1167

Пікір жазыңыз