Дэйн Уайт: «Төбелескің келсе, октагонға кел»

UFC президенті Дэйн Уайт дағыстандық Хабиб Нурмагомедов пен аты аңызға айналған америкалық Флойд Мэйвезер арасындағы бокстан өтетін жекпе-жекке қатысты өз пікрін білдірді, деп хабарлайды SportX.kz.

«Мэйуэзердің шынымен Хабибпен төбелесетін ойы болса, онда UFC келіп, күшін осы жерде көрсетсін. Біз онымен бокс ережесі бойынша бәсекеге түспейміз. Бір рет оның қалауы бойынша бокстастық, сол  да жетеді. Осымен іс бітті».

Осылай нақты және қысқа қайырған Дэйн Уайт, әйгілі боксшыны мықты болса аралас жекпе-жектен сынға түсіп көрсін деп түйіндепті.

Дегенмен Нурмагомедовтің  бұл мәселеге қатысты өз жоспары болған. Ресейлік сарбаз бокс ережесіне негізделеген жекпе-жекті Мәскеудегі 100 мың көрерменге арналған әйгілі «Лужники» стадионында өткізіп, ақылы трансляция сатылымдарынан рекордтық көрсеткіш орнатуды жоспарлап жүрген. Бірақ Дэйн Уайттың әлгі сөзінен кейін Хабиб құрған жоспардың іске асуы екіталай.

Пікір жазыңыз