Matchroom промоутерлік компаниясы олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (3−0, 1 КО) кезекті жекпе-жегін өткізетінін хабарлады. Қазақстандық боксшы 24- қараша күні Монакада өтетін бокс кешінде шаршы алаңға көтеріледі, деп хабарлайды SportX.kz.
«Казино де Монте-Карло» төрінде керілген шаршы алаңдағы орталық бәсекеде бірінші ауыр салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31−2, 23 КО) пен америкалық Майк Уилсон (19−0, 8 КО) кездеседі. Әзірге бокс кешінің андеркартасы толық бекітілмеген. Дегенмен үш кездесудің құрамы белгілі. WBA (Super) ұйымының аса жеңіл салмақтағы чемпионы британиялық Халид Яфай (24−0, 15 КО) мексикалық Израэл Гонсалеспен (23−2, 10 КО) күш байқасады. Андеркарттағы тағы бір бәсеке аса ауыр салмақтағы ресейлік Александр Устинов пен 34−2, 25 КО) қытайлық Чжан Чжилэ (20−0, 16 КО) арасында өтеді. Бұл кездесу он раундқа жоспарланған. Осы күні тағы бір қытайлық былғары қолғап шебері Мэн Фан Лун (13−0, 8 КО) британиялық Фрэнк Бульонимен (22−3−1, 16 КО) күш байқасып көреді. Ал. біздің Даниярдың кіммен жұдырықтасатыны әзірге белгісіз.