Рио олимпиадасының чемпионы астаналық Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегіне 24- қараша күні куә боламыз, деп хабарлайды SportX.kz.
Бұл жолы қарсы келгендерді шыдатпай жүрген олимпионикке, бокс кешін ұйымдастырушылар никарагуалық шебер Маркос Мохиканы (16-2-2, 12 КО) сайлап қойыпты. Жекпе-жектер тізіміне қарағанда Мохика осал қарсылас емес сияқты. 16 кездесудің 12-ін нокаутпен ұтқан. Бірақ Маркос Мохиканың осыған дейін қандай боксшылармен кездескені және олардың шама-шарқы бізге белгісіз. Сондықтан никарагуалық боксшының шеберлік деңгейі жайлы сөз айтуға ерте. Ол жайлы 24- қараша күні Монакода өтетін бокс кешінен кейін білетін боламыз.
Данияр Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін 20 -қазан күні Бостонда (АҚШ) америкалық Мэтт Доэртимен өткізіп, бірінші раундта-ақ техникалық нокуатпен жеңіске жеткен болатын.