Сырт алаңда «Мидтьюлландпен» тең ойнаған «Астана» Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіне қадам басты. Хернингтегі қарымта матчта есеп ашылған жоқ, деп хабарлайды SportX.kz.
Астанада өткен алғашқы ойын 2:1 есебімен біздің футболшылардың жеңісімен аяқталған. Алғашқы матчтың нәтижесін ойда ұстаған астаналықтар, қарымта бәсекеде аянып қалған жоқ. Команда қосына осы жаз қосылған сербиялық қорғаушы Антонио Рукавин, бразилиялық жартылай қорғаушы Педро Энрике және Конго ДР құрамасының шабуылшысы Жуниор Кабананга Хернингтегі кездесуде ерекше көзге түсті.
Бірінші таймда Жуниор Кабананга соққан таза голды бас төреші есепке алмай тастады. Бұл эпизодта испаниялық төреші аладоптың қақпа сызығын кесіп өткенін байқамай қалды. Үзілістен кейін дәл осындай эпизод тағы да қайталанды. Бұл жолы алаң иелері соққан доп есепке алынбады. Не керек тартысқа толы бәсеке тең ойынмен аяқталып, екі кездесу нәтижесі бойынша келесі раундтың жолдамасы «Астананың» қанжығасында кетті.
ЧЛ үшінші кезеңінде «Астанаға» қарсы тұратын команда белгілі. Еліміздің чемпиондары 7-тамыз күні өз алаңында «Хапоэльді» (Безр-Шева, Израйль) қабылдайды. Қарымта матч араға алты күн салып Израйльде өтеді.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»