«Барселона» қожайындары клубтың жартылай қорғаушысы Серхио Бускетспен жаңа келісім-шарт жасауға ынталы. Marca басылымы жасаған ақпаратқа сүйенсек, клуб басшылығы Бускетспен арадағы келісім-шартты әлем чемпионатынан соң ұзартпақ болған, деп хабарлайды SportX.kz.
Әйгілі клуб өзінің төл түлегі үшін қомақты қаржы ұсынып отыр. Бұрынғы келісім бойынша Бускетс апта сайын 180 мың евро алып келсе, командалас әріптесі Луис Суарестің есебіне апта сайын 290 мың евро құйылады екен. Жаңа шарт жасалған соң Бускетстің бір жетіде алатын жалақысы Суарестен кем болмайын деп тұр.