Бұрымды футболшыларымыз оңбай ұтылды

Павлодарда футболдан еліміздің әйелдер құрама командасы Англиядан ірі есеппен ойсырай ұтылды. 2019-жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы матч 0:6 есебімен аяқталды, деп хабарлайды SportX.kz.

Кездесудің фавориті саналған ағылшынның бұрымды футболшылары ә дегеннен ойын тізгінін қолға алып, біздің қақпаны жиі-жиі нысанаға алумен болды. Қонақтардың шабуылына төтеп бере алмаған алаң иелері көп кешікпей-ақ ойын тәртібін бұзып, төреші он бір метрлік айып добын белгіледі. Пенальтиді орындаған Бетэни Мид мүлт кетпеді. Гол соғып алға шыққан  ағылшындар таблодағы есепті еселеуге асықпады. Сөйте тұра, үзіліске дейін тағы бір гол салып кетті. Одан әрі алаңдағы ойын бір бағытта өрбіп, шабуыл сайын гол соғумен болған Англия құрамасы, кездесудің екінші бөлігінде жауапсыз төрт гол тоғыттты. Қорытынды есеп- 0:6.

Турнирдегі соңғы бәсекеде ірі есеппен ұтылған Қазақстан әйелдер құрама командасы үш ұпаймен өз тобында соңғы, ал  ағылшын қыздары 22 ұпаймен бірінші орынды иеленді.

Қазақстан — Англия 0:6 (0:2)
Голдар: 
Мид пенальтиден 9 (0:1), Дейли 35 (0:2), Кристиансен 54 (0:3), Стэнифорт 66 (0:4), Мид 82 (0:5), Бронз 87 (0:6)
Ескертулер: Құлмағамбетова 34, Жұмабайқызы 89, Гайстенова 90+4
Қазақстан: Железняк, Қожахмет, Бурова, Құлмагамбетова (Бортникова 74), Қырғызбаева, Нұрышева, Кәрібаева (Гайстенова 43), Мясникова, Жұмабайқызы, Тұрлыбекова, Власова (Вылданова 52)
Англия: Ирпс (Телфорд 67), Бланделл, Джордж, Уолш (Бронз 62), Макманус, Уильямсон, Братон, Кристиансен, Дейли, Стэнифорт, Мид
Бас төреші: Христиана Гутева (Болгария)
4 қыркүйек. Павлодар. 

 

Пікір жазыңыз