Бұрымды боксшылардан алтын жүлде күтеміз

Қазақстан әйелдер құрамасы Алматыдағы AIBA Бүкіләлемдік бокс академиясында әлем чемпионаты қарсаңындағы соңғы дайындығын пысықтауда, деп хабарлайды SportX.kz.

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты қараша айында Үндістанның Нью-Дели қаласында өтеді. Соңғы оқу-жаттығу жиынына жаттықтырушылар кеңесі еліміздің беткеұстар боксшыларын түгел шақырыпты.

Жақында аяқталған жазғы Азия ойындарынан Қазақстан құрамасы алғаш рет алтынға қол жеткізе алмай қайтты. Мүмкін, Азиадада кеткен несібемізді осы жолы қайтарармыз.

 

Пікір жазыңыз