Бүгін Сағадат Рахманқұлов рингке көтеріледі

Бүгін Глендейлде (Калифорния штаты, АҚШ) Top Rank промоутерлік компаниясы кезекті бокс кешін өткізгелі отыр. Осы кеш бағдарламасында жерлесіміз Сағадат Рахманқұлов (2-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды SportX.kz.

Сағадат бұл жолы америкалық Кристиан Агирремен (7-2, 3 КО) күш сынасады. Матч алдындағы таразыға тартылу рәсімінде Сағадат Рахманқұловтың салмағы- 154 фунт яғни 69,85 келіні көрсетсе, 22-жастағы Агирренікі- 151,5 фунтқа тең болып шықты. Бұдан шықты жерлесіміздің салмағы қарсыласына қарағанда жеңілірек.

Рахманқұлов әйгілі Боб Ару басқаратын Top Rank промоутерлік компаниясымен келісім шарт жасасқан үшінші қазақ боксшысы. Екі жақты келісім шарт бес жылдық мерзімге есептелген. Үстіміздегі жылдың ақпан айында кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген Сағадат,  америкалық Ноэль Эскуэдэні ұтқан болатын. Одан кейін алты раундтық кездесудің нәтижесі бойынша колумбиялық Джон Леоннан алда болды.

.

Пікір жазыңыз