Осы жаз британиялық танымал «MTK Global» менеджерлік компаниясымен келісім шарт жасасқан қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек, бүгін кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды SportX.kz
Лондонда өтетін бокс кеші аясында жерлесіміз никарагуалық 34-жасар Хосе Агилармен (16-52-4, 6 КО) қолғап түйістіреді. Жартылай ауыр салмақ (130 фунт немесе 58,967 келі) дәрежесінде бокстасатын Сұлтан Заурбек пен оның қарсыласы матч алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты. Кездесу төрт раундқа жоспарланған.
Бүгінгі бокс кешінде тағы бір отандасымыз Нұртас Ажбеновтің өнеріне баға беретін боламыз Нұртасқа да никараугалық боксшыны таңдап қойыпты. 24 жастағы жерлесіміз жиған-тергені мол тәжірибелі боксшы Элигио Хосе Паласиоспен сынға түседі.