Бүгін чемпиондар лигасы басталады

Бүгін Еуропа чемпиондар лигасының жаңа маусымы жалауын көтереді. Осымен 27- мәрте өткізілетін мәртебелі доданы асыға күткен футбол жанкүйерлері бүгін түнде қызықты матчтарға куә болады, деп хабарлайды SportX.kz.

«Камп Ноу» стадионында «Барселона» голландиялық «ПСВ Эйндховенді» қабылдайды. Каталондықтар қашанда бас бәйгеден үміткерлер қатарында. Испанияның бірнеше дүркін чемпионы биыл да «чемпиондардың чемпионы» атануға күш салатыны анық.

Бүгінгі орталық матчтардың бірінде соңғы үш жыл бойы дәстүрлі турнирдің жеңімпазы атанып жүрген «Реал» (Мадрид) өз алаңында «Романы» (Рим, Италия) қабылдайды. Римдік футболшылар былтыр жартылай финалға жетіп жығылған.

Францияның белді футбол клубы «ПСЖ» чемпиондар лигасының тұсаукесер матчында «Ливерпульмен» күш сынасса, «Тоттенхэм» өз тобындағы алғашқы ойынды сырт алаңда «Интерге» қарсы өткізеді.

 

 

 

 

УЕФА туы астында өтетін дүбірлі додаға бүкіл дүние жүзі көз тігетіні анық. Осы тұста кейбір қызықты деректерді айта кетейік. «Порту» қақпашысы Икер Касильяс чемпиондар лигасына жиырмасыншы рет қатысайын деп отыр. «Баварияның» жартылай қорғаушысы Томас Мюллер 100 матч өткізген 35 ойыншының қатарына кіруі тиіс. Джанлуиджи Буффонның «ПСЖ» қақпасын күзетуі де жаңалық. Ол алғаш рет чемпиондар лигасында 1997 жылдың желтоқсанында өнер көрсеткен. «Парма» сапында «Галата-сарайға» қарсы өнер көрсеткен. Ал «Барселона» «Камп Ноуда» Голландияның «ПСВ Эйнд-ховенімен» сынға түседі. Қонақтардың бас бапкері Марк ван Боммель «менің шәкірттерім Мессидің жейдесіне таласқанша, маңызды іске мән берсін. Біздерге жейдеге қарағанда, абырой қымбат», – депті.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/265736-futbol-chempiondar-ligasyny-zhiyrma-zhetinshi-mausymy-bastalady
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Пікір жазыңыз