Бокстан ел чемпионаты Ақтауда өтеді

Бокстан Қазақстанның 2018-жылғы чемпионаты Ақтау қаласында өтеді, деп хабарлайды SportX.kz.

Аймақтардан түскен өтініштерді саралай келе Қазақстан бокс федерациясының таңдауы Маңғыстау облысының орталығы Ақтауға түсіпті. Биылғы ел біріншілігі қарашаның 11-18 аралығында сыйымдылығы 2 мың көрерменге арналған «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде өтеді. Алдағы біріншілікке еліміздің шартарабынан 160-қа жуық боксшылар мен жаттықтырушылар келеді деп күтілуде.

Ақтаудағы чемпионат қорытындысы бойынша ұлттық құрамамыз жаңадан жасақталып, одан әрі тікелей 2020-жылғы Токио олимпидасына дайындық басталады.

 

 

Пікір жазыңыз