Боксшы қыздарымыз Үндістанды саяхаттайды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты алдындағы соңғы дайындық шараларын пысықтауда. Кезектегі әлемдік дода қарашаның 14- 25 аралығында Нью-Делиде (Үндістан) өтеді, деп хабарлайды SportX.kz.

Құраманың жаттықтырушылар кеңесі алдағы жауапты сында ел намысын қорғайтын команда сапын жариялады. 75 келідегі белді боксшымыз Дариға Шәкімова бұл тізімде жоқ. Тәжірибелі шебер жаттығу кезінде алған жарақатына байланысты әлемдік форумнан шет қалып отыр. Сондай-ақ бапкерлер кеңесі осы жылы Азия ойындарына жолы түскен Назым Қызайбай, Сәния Сұлтанова және Римма Волосенко сынды шеберлердің көмегінен бас тартқан.

Қазақстан әйелдер құрамасы:  Қасенаева Айгерім (48 келі), Жайна Шекербекова (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Назым Ищанова (57 келі), Карина Ибрагимова (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Аида Ондаш (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ляззат Кунгейбаева (81 келіден жоғары).

Пікір жазыңыз