Мүмкіндігі шектеулі жандар Азия мен Еуропа арасына жаңаша жол салды. Велошеруге қатысқан мүмкіндігі шектеулі жандар ерекше ерлік жасады деуге болады. Олар бір ай ішінде алты мемлекетте болып, отыз қаланы аралап шықты, деп хабарлайды SportX.kz.
Астанадан бастау алған веломарафон Парижде мәресіне жетті. Сән әлемі астанасында оларды Қазақстанның Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі бастаған дипломаттар күтіп алып, ерекше сый-қошемет көрсетті. Веломарафон Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығына арналып отыр.