Канадада шайбалы хоккейден элиталық дивизионды құрайтын жастар құрама командалары арасындағы әлем чемпионаты басталды. «В» тобынан табылған еліміздің жас хоккейшілері алғашқы кездесуде Финляндиядан ойсырай ұтылды, деп хабарлайды SportX.kz.
Виктория қаласында өткен бәсекеде Қазақстан құрамасы бір шайба соғуға жарамады. Есесіне финдер Еремеев қорғаған қақпаны бес рет дәл көздеді.
Осы ойынға қатысқан команда құрамы:
Еремеев;
Макуцкий — Данияр Сн. — Гатиятов, Данияр См. — Орехов;
Митенков — Жорабек — Верещагин, Мұсабаев — Хрипков;
Мусоров — Гусейнов — Бойко, Мұратов Д. — Шинкарецкий;
Третьяковский — Буяльский — Мұратов Б., Королёв.
Финляндия – Қазақстан – 5:0 (2:0, 1:0, 2:0)
Шайбалар:
1:0 — Отто Латвала (Виртанен, Илонен) — 12:52
2:0 — Аарне Талвитие — 15:08
3:0 — Самули Ваинионпа (Пуустинен) – 32:49
4:0 — Каапо Какко (Лундел, Илонен) — 47:17
5:0 — Алекси Хепониеми (Купари, Йокихарю) — 49:13
Келесі ойынды Қазақстан жастар құрамасы АҚШ-қа қарсы өткізеді.