Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттық Лига аясындағы алғашқы ойынды 6-қыркүйек күні Грузияға қарсы өткізеді. Осы матчқа арналған билеттер құны белгілі, деп хабарлайды SportX.kz.
Ендеше біліп алыңыздар сатылымға түсетін билеттердің ең арзаны -500 теңге, ал ең қымбаты -3000 теңге тұрады екен. «Астана-Арена» стадионында өтетін матчтың басталу уақыты сағат 20:00.
Ұлттық Лига — ұлттық құрамалар бақ сынасатын УЕФА-ның жаңа жарысы болып табылады. Осы турнир арқылы 2020-жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алуға болады. Регламент бойынша ұлттық командалар рейтингтеріне сәйкес бірнеше дивизионға бөлінген. D дивизионынан табылған Қазақстан өз тобында Грузия, Андорра және Латвия футболшылармен күш сынасатын болады.