Белгілі футболшы, әйгілі әншінің мұрнын бұзды

Айналасындағыларға қол көтеретін футболшылар қатары көбейіп барады. Кокорин мен Мамаев бүкіл Ресейді шулатса, осындай оқиға Түркияда орын алды, деп хабарлайды SportX

Кезінде «Барселонаның» сапында жарқылдаған Арда Туран, әйгілі түрік әнішісі Беркайды соққыға жыққан. Бұл күндері «Истанбул Башакшехир» клубы сапында өнер көрсететін Арда Туран, түнгі клубтың бірінде әнішінің әйелі жайлы қатты сөз айтқанға ұқсайды. Мұндайға шыдамаған Беркай футболшыны жекпе-жекке шақырады. Қанша дегенмен спортшы деген аты бар Арда бір соққымен әншінің мұрнын сындырған.

Бірақ футболшы өзінің Instagram парақшасында бұхаралық-ақпарат құралдары оқиғаны тым ушықтырып  жібергенін мәлімдеген. Алайда оқиғаның орын алғанын жоққа шығармайды.

Пікір жазыңыз