Бүгін Қытай астанасындағы әйгілі олимпиадалық стадионда ММА өнерінен Қазақстан спорты тарихындағы тұңғыш әлем (әуесқойлар )чемпионы Мария Агапова, Азиядағы танымал Гран-При аясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды SportX.kz.
«HERO ММА» — Қытайдан басқа Шығыс Азия елдері және көрші Ресей аймағында кең етек жайып келе жатқан халықаралық турнир болып саналады. Бүгінгі Гран-Приде сегіз үміткер күш сынасады. Октгагон ішінде Бейжіңге алыстан ат терлетіп жеткен Мария Агапова (Қазақстан),Лилия Аминева мен Ольга Власова (екеуіде -Ресейден) және египеттік бойжеткен Хагер Рагабқа, жергілікті спортшылар қарсы тұрады.
Әуесқойлар арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алған Мария Агапова, осы айда FightмNights ұйымының чемпиондық белбеуі үшін сынға түсу керек болатын. Бірақ ресейлік қарсыласы Юлия Борисованың жарақат алуына байланысты бұл жекпе-жек кейінге шегерілді.