«Барыстың»- алғашқы сапары

Жаңа маусым аясындағы үшінші кездесуді Нижегородта жергілікті «Торпедомен» өткізген астаналық «Барыс» алаң иелеріне есе жіберді, деп хабарайды SportX.kz.

«Барыс» клубының жаңа маусымдағы алғашқы турнесі сәтті өтті  деп айту қиын. Ия, алғашқы ойын көңілден шыққаны рас. Нижнекамскіде жергілікті «Нефтихимикті» ірі есеппен тізе бүктіріп, одан әрі Қазан қаласына жол тарттық. Аса шиеленісті өткен Қазандағы бәсекеде «Ақ Барысқа» жол беруге мәжбүр болдық. Үшінші ойынға келсек, мұнда да жеңістің ауылы алыс емес еді. Кездесудің негізгі уақыты 5:5 есебімен аяқталып, ойын одан әрі овертаймда жалғасты. Қырсық шалғанда қосымша таймда «Барыс» сапындағы канадалық хоккейші Кертис Волк ойыннан қуылып, көп ұзамай алаң иелері гол соғып та үлгерді. Не керек тартысты өткен бәсекеде «Торпедоның» жолы болды.

Жаңа маусымдағы алғашқы турне «Барыс» үшін осылай аяқталды. Бір рет жеңіске жетсе, қалған екі ойында жерлестеріміз жеңілістің ащы дәмін татты. Астаналық хоккейшілер ендігі серияны өз алаңында өткізеді. Алдымен 12 — қыркүйек күні «Нефтехимикті» қабылдайды.

Бас демеуші- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз