Астананың «Барысы» КХЛ-ның тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті турда Челябінің «Тракторынан» жеңіліс тапты, деп хабарлайды SportX.kz.
Соңғы алты кездесуде қарсыластарын түгел жеңіп келген «Барыс» бүгінгі бәсекеге көтеріңкі көңіл-күймен шыққан. Ойынды ширақ бастаған алаң иелері кездесудің 2- минутында Антон Сагадеевтің күшімен есепте алға шығып та үлгерді. Бірақ қарап қалмаған қонақтар араға төрт минут салып таразы басын теңестіріп кетті. Бұл эпизодта астаналық клубтың айып алаңында орын алған қарбалас сәтті епті пайдаланған Йонас Энлунд көзге түсті. Матчтың екінші бөілігінде тағы да қателікке бой берген астаналықтар екінші рет ойынды ортадан бастауға мәжбұр болды. Бұл гол Антон Глинкиннің еншісінде.
Алма-кезек шабуылға ұласқан бәсекенің шешуші кезеңінің ортасында тәртіп бұзған «Барыстың» қақпашысы ойыннан қуылып, нәтижесінде алаңда төрт ойыншымен қалған алаң иелері тағы бір шайба жіберіп алды.
Уақыт аяқталуға жақындаған сайын алаңдағы шиеленіс күшейе берді. Қайткенде де таразы басын теңестіруге күш салған «Барыс» қақпашының орнына аалаңғағ алтыншы хоккейшіні қосты. Жаттықтырушының бұл әрекеті өз жемісін берді де. Осы тұста ерекше көзге түскен Даррен Диц айналдырған 30 секундта қос шайба соғып, матчты овертаймға аудара алды.
Дегенмен бүгінгі ойында челябілік хоккейшілердің жолы болды. Қосымша таймның соңғы минутында мергендік танытқан Александр Шаров, «Барыстың» жеңістер сериясына нүкте қойып кетті. Есеп- 3:4
Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»