«Барыс» сырт алаңда «Нефтехимикті» тас-талқан етті

Астананың «Барысы» жаңа маусымды ірі жеңіспен бастады. Континенталдық лиганың тұрақты чемпионаты аясындағы алғашқы ойында астаналық хоккейшілер Нижнекамскіде жергілікті «Нефтехимикті» 6:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды SportX.kz.

Нефтехимик (Нижнекамск ) — Барыс (Астана) 1:6 (0:0, 0:2, 1:4)

0:1 — Кормье (Михайлис, Диц) — 23:42 ГБ
0:2 — Диц (Фрэттин) — 25:44
0:3 — Старченко (Михайлис, Кормье) — 42:54 ГБ
0:4 — Петерссон (Боченски, Фрэттин) — 46:46 ГБ
0:5 — Акользин (Блэкер, Гренц) — 47:56
1:5 — Пуустинен (Руохомаа) — 57:25
1:6 — Фрэттин (Кормье) — 58:59 ПВ

Қақпашылар: Ежов (Макаров, 25:44 — 60:00) — Карлссон

Ертең «Барыс»  Қазан қаласында а «Ақ-Барспен»  ойнайды.  Жаңа маусымдағы алғашқы турнені жерлестеріміз 9 — қыркүйек күні Нижний Новгородта түйіндейді.

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз