«Барыс» пен «Амур» көрермендерді қарқ қылды
Астаналық «Барыс» КХЛ-ның тұрақты чемпионаты аясында «Амурға» (Хабаровск) есе жіберді. Бұл жолы жерлестеріміз өз жанкүйерлері алдында 5:6 есебімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды SportX.kz.
Бүгінгі ойынға «Барыстың» белді хоккейшілері қатыспағанын айта кетейік. Өйткені команданың бірінші бестігін құрайтын — Брэндон Боченский, Мэттью Фрэттин және Джесси Блэкер мұның алдындағы матчта жарақат алып, бүгінгі бәсекені сырттай тамашалауға мәжбүр болды. Содан болар алаң иелері алғашқы үзіліске дейін төрт шайба жіберіп алды. Дегенмен өздері де қарап қалмай қонақтардың қақпасын үш рет дәл көздеді. Осылайша «Барыс» пен «Амур» бір кезеңде 7 шайба соғып КХЛ өзіндік рекордын жаңартты. Не керек тарысқа толы матч 5:6 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.
Осы жеңістен кейін хабаровскілік хоккейшілер Шығыс конференцияның турнир кестесінде 11- орынға жайғасса, астаналықтар үздік үштіктің қатарында.
Бас демеуші — «Самұрық- Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»