Астананың «Барысы» маусым басталғалы бері қарсы келгендерді шыдатпай келген «Автомобилисті» тәубесіне келтірді. Сырт алаңда ойнағанына қармастан жерлестеріміз КХЛ лидерін алғаш рет сүрінуге мәжбүр етті, деп хабарлайды SportX.kz.
18- тур бойы жеңілістің ащы дәмін татпаған «Автомобилистің» ұзақ уақытқа созылған рекордқа жақын қалған сериясы аяқ-астынан үзілді. Осы күнге шейін Екатеринбургтік хоккейшілерді қалай ұтудың амалын таппаған клубтар бүгін «Барыстың» жеңісіне қол соғып жатқан да болар.
Айтулы оқиғаға айналған Екатеринбургтегі бәсеке 1:2 есебімен аяқталды. Бүгінгі ойында қазақстандық клубтың канадалық шабуылшысы Патрис Кормьенің өнерін ерекше атап кеткен жөн. Оралдықтарды орнына қойған қос голды да Корьме соқты. Жалпы Петерссон — Кормье — Старченко үштігі Екатеринбургтегі жеңіске қомақты үлес қосты.
Осылайша жеңістен-жеңіске жетіп келе жатқан „Автомобилистің“ сериясы СКА клубының рекордтық көрсеткішіне бір табан жетпей үзілді.
Бас демеуші -» Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»