Азия ойындарына баратын велошабандоздар белгілі

Тамыз айында жалауын көтеретін Азия ойындарында велоспорттан ел намысын төрт шабандоз қорғайды, деп хабарлайды SportX.

Индонезияның еншісіне тиген Азияның байрақты додасына баратын үміткерлер қатарын жақында аяқталған ел чемпионаты анықтап берді. Алматыда өткен Қазақстан біріншілігінің  соңғы күні велошабандоздар топтық жарыстан сынға түсті. 174 шақырымды құраған айтулы додада  өзімен  үзеңгі қағыстыра жарысқан дүлдүлдерден алда болған Алексей Луценко бас бәйгені олжалады. Никита Стальнов мәре сызығын екінші қиса, тұғырдың үшінші сатысына Артем Захаров көтерілді. Сонымен тамыз айында өтетін Азия ойындарында ел намысын жыртатын ұлттық құрама  сапы Жандос Бижігітов, Евгений Гидич,Алексей Луценко және Дмитрий Груздев.сияқты шабандоздармен жасақталды.

 

Пікір жазыңыз