Азиада: Теннистегі екінші жүлде

Қазақ теннисінің  өкілдері Индонезияда тағы бір медаль жеңіп алды. Александр Бублик пен Денис Евсеев жұптасып өнер көрсетуден Азиаданың күмісін еншіледі, деп хабарлайды, SportX.kz.

Қазақ жігіттері ақтық сында үнді елінің теннисшілері Рохан Бопан мен Дивиж Шаранға есе жіберді. Есеп-3:6 және 4:6.

Жазғы ойындардың қос қола жүлдесі жапониялықтар — Йосуке Ватануки / Юя Ито және Кайто Уесуги / Шо Шимабуки сынды шеберлердің еншісіне бұйырды.

 

Пікір жазыңыз