Қазақстандық жеңіл атлет Маргарита Мұқашева 800-метрлік қашықтыққа жүгіруден Азиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды SportX.kz.
Маргарита жарыс жолын 2:02,40 еңсерді. Мәре сызығын бірінші қиған қытайлық желаяқ Чуню Ванның көрсеткіші- 2:01.80. Үздік үштікті бахрейндік Манал Эльбахруи түйіндеді.
Жалпы Маргарита Мұқашеваның есебінде Азия ойындарының төрт жүлдесі бар. Оның екеуі алтын, екеуі күміс медаль.