Азиада-2018: Допингілік дау-дамай

Джакартадағы Азия ойындарының ыстығы басылмай жатып, допингілік дау-дамайдың ұшы шыға бастады. Әйелдер күресінен чемпион атанған Орхон Пуревдорж допинг-сынақтан сүрінді, деп хабарлайды SportX.kz 

62 келіде топ жарған моғол балуанының ағзасынан қолдануға тиым салынған анаболикалық стероид табылған. Осыдан кейін Пуревдорждың Азиададағы көрсеткіші өз күшін жойды. Енді спортшы төрт жылдық мерзімге жарыстардан шеттетілуі тиіс. Моңғол палуаны Азия ойындарының ақтық сынында қырғызстандық Айсұлу Тыныбековадан алда болған еді.

Осы салмақта ел намысын қорғаған Аяулым Қасымова ширек финалда мүлт кеткенін естеріңізге сала кетелік. Жалпы бұл биылғы Азиададағы екінші допингілік дау-дамай. Мұның алдында түрікменстандық балуан ұасталған болатын.

 

Пікір жазыңыз