Дзюдодан Қазақстан құрамасы жазғы Азия ойындарынан алғашқы алтынды ел қоржынына салды. Қазақ елі сарыла күткен сары алтынды 81 келіде белдескен балуанымыз Дидар Хамза жеңіп алды, деп хабарлайды SportX.kz.
Ақтық сында ирандық пехлеванмен күрескен Дидар Хамзаға, жеңіс оңай келген жоқ. Шиленісті өткен белдесу барысында балуандар бір-біріне әдіс салдырмады. Тек сылбырлық танытқаны үшін төрешіден шидо алған Сайд Моллай жеңістен құр қалып, Азиада чемпионы атағына біздің Дидар Хамза лайық болып шықты.
Ә дегенде жерлесіміз тай елінің баһадүрі Терадо Масаюкиді ваззари әдісімен ұтса, одан кейін моңғолдың мықтысы Ууганбаатар Отгонбаатарды иппонмен жеңді. Жартылай финалда әлемдік Гран-при додаларында топ жарып жүрген жапон жігіті Такеши Сасакиді таза ұтты.