АЗИАДА-2018: Боксшылар қатары сиреп барады

Джакарта шаршы алаңында кіл мықтылар қалып, осалдар елдеріне құр қол қайтып жатыр. Біздің де төрт боксшымыз ширек финалда сүрінді, деп хабарлайды SportX.kz.

Римма Волосенко (60 келі), Азат Махметов (52 келі), Саматәлі Төлтаев (60 келі) және Сания Сұлтанқызы (57 келі) ширек сыннан аса алмай кетті.

Асланбек Шымбергенов (69 келі) ширек сында қырғыз елінің өкілі Әбдірахман Әбдірахмановты 5:0 есебімен айқын ұтты. Азиадаға көк байрақты көтеріп шыққан Әбілхан Аманқұлов әзірге өз күшіне нық сенімді. Тараз бокс мектебінің өкілі бүгінгі ширек финалдық бәсекеде 5:0 есебімен тайландтық Кан Чиавейдің алдын орап кетті. Өкіншке орай Теміртас Жүсіпов филиппиндік Паалам Карлоға есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Бүгін шаршы алаң төрінде:  Бекдәулет Ибрагимов – Масук Виттичай (Таиланд) және Назым Қызайбай – Лин Ютин (Тайпей) кездеседі. .

 

 

Пікір жазыңыз