Ауыр атлетикадағы жаңа категориялар

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының  атқарушы комитеті жаңа салмақ категорияларын бекітті, деп хабарлайды SportX.kz.

Осы конгрессте 2022-жылы Токиода өтетін олимпиадалық ойындар бағдарламасына енген жеті салмақ дәрежелері де мақұлданды.

Бұдан былай  ерлер бәсекесіндегі жарыстар: 55, 61, 67, 73, 81, 89, 96, 102, 109 және 109 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Оның ішінде олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгендері- 61, 67, 73, 81, 96, 109  және 109+ келіден жоғары.

Әйелдер де он салмақтан  сынға түседі: 45, 49, 55, 59, 64, 71, 76, 81, 87  және 87+ келіден жоғары.Олимпиадалық ойындарда әйелдер- 49, 55, 59, 64, 76, 87 і және 87+ келіден жоғары салмақ  категориялары бойынша өнер көрсетеді.

 

Пікір жазыңыз