Ауыр жарақатпен емханаға түскен Мурод Хантураевты, келесі күні полиция бөлімшесіне алып кеткен. UzNews сайты Мурод Хантураев достарымен бірге Ташкент қаласындағы Юнусабад ауданындағы абақтыға жөнелтілген, деп хабарлайды SportX.kz.
Маусымның 20-күні кеуде тұсынан ауыр жарақат алған спортшы емханаға жеткізілді.Ташкент қалалық ІІД атақты спортшыға қасақана қылмыс жасаған деген айып тағып отыр. Онымен бірге бірнеше достары да ұсталған.
Мурод Хантураевтың есімі қазақстандық спорт сүйер қауымға жақсы таныс. Аралас жекпе-жектен аса ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынайтын өзбек жігіті біздің танымал проумошен «Алаш Прайд» сапында өнер көрсетіп,талай жарыстардың үздігі атанды. Осы лиганың ұйымдастыруымен өткен «Әлем алыбы» турнирінде Хантураев жап-жақсы өнер көрсеткені есімізде. Финалға дейін қарсы келгендерді шақ келтірмеген Мурод финалдық айқасқа шыға алмады. Оған турнир барысында алған жарақаты себеп болды. Жалпы турнирде салмақтары 100 келіден асатын сегіз үміткер күш сынасқан еді.