Жеті тур бойы жеңілістің ащы дәмін татпаған Киевтің «Динамосы» кезекті ойын күні өз алаңында 0:2 есебімен «Карпатыдан» ұтылып қалды, деп хабарлайды SportX.kz.
Бұл ойында қонақтардың жартылай қорғаушысы Марьян Швед екі рет мергендікпен көзге түсті. Кездесудің 56-минутында бір ойыншысы алаңнан қуылғанына қарамастан «Карпаты» жеңісті уысында ұстап қалды.
Естеріңізге сала кетсек, «Астана» Еуропа Лигасының топтық раундтағы алғашқы ойынын 20- қыркүйек күні Киевте «Динамоға» қарсы өткізеді.
«Астананың» топтық раундтағы тағы бір қарсыласы «Ренн» (Франция) кезекті турда дәл осындай есеппен «Бордоны» қапы қалдырды. Кездесудің 12- минутында Бенжамен Андре есеп ашса, араға төрт минут салып Рами Бенсебайни таблодағы есепті еселеп кетті.
Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»