«Астананың» велошабандозы UCI рейтинг кестесінде он сатыға көтерілді

Биылғы көпкүндік супервелодода «Джиро д’Италияда» табысты өнер көрсеткен Astana Pro Team капитаны Мигель Анхель Лопес, рейтинг кестеде бірден үздік ондықтың қатарынан орын тепті, деп хабарлайды SportX.kz.

Гранд-турды үшінші орынмен аяқтаған Лопес, өзінің жеке есебіне 575 ұпай жазды.Әзірге оның еншісіндегі ұпай саны 1374 баллды құрап отыр.»Джироның»нәтижесі бойынша колумбиялық шабандоз UCI (Халықаралық велошабандоздар одағы) рейтинг кестесінде 44 -орыннан 34- орынға бір-ақ секірді.

Президенттік кәсіпқой клуб «Астананың» құрамында, өз есебіне қомақты ұпай жиған тағы екі шабандоз бар. Олар даниялық шабандоздар —Якоб Фульсанг (27 орын, 1548 ұпай) пен Михаэль Вальгрен (26 орын, 1551 ұпай). Қазақстандықтар арасында 709 ұпай  еншілеген Алексей Луценко бұл тізімде 97-орында келеді.

 

Пікір жазыңыз