«Астананың» сапында футболшы қалмады

Жақын күндері ұлттық құрамалар УЕФА Ұлттар Лигасындағы кезекті ойындарын өткізеді. Осыған байланысты «Астананың» он алты футболшысы ұлттық құрамалардан шақырту алған, деп хабарлайды SportX.

Бақандай он алты футболшысы шақырту алғанына қарағанда «Астананың» сапында кіл мықтылар ойнайтын сияқты. Мысалы, Қазақстан ұлттық құрамасына «Астананың» он футболшысы шақырылыпты. Олар — Ненад Эрич, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый, Евгений Постников, Серікжан Мужиков, Роман Муртазаев, Бактиер Зайнутдинов және  Алексей Щеткин. 

Олардан басқа тағы алты футболшы өз елінің намысын жыртуға аттанған. Ричар Алмейда (Әзірбайжан), Иван Маевский (Беларусь), Антонио Рукавина (Сербия), Ласло Кляйнхайслер (Венгрия), Джуниор Кабананга (Конго ДР), Рангело Янга (Кюрассао) өз құрамаларына шақырту алды.

Команда қосында қалғандар қысқа мерзімді демалыс алыпты.

Бас демеуші-«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

 

Пікір жазыңыз