«Астананың» қарсыластары белгілі

Бүгін УЕФА-ның Жасөспірімдер лигасының жеребе тастау рәсімі өтеді, деп хабарлайды SportX.kz

Бүгінгі соқыр жеребенің нәтижесіне қазақ елі де үлкен қызығушылықпен  көз тігіп отыр. Өйткені алғашқы раундқа қатысатын 32 команда арасында еліміздің чемпионы «Астана» клубы да бар. Жеребеге қатысатындар  жағрапиялық принцип бойынша төрт топқа бөлінеді. Төртінші топтан табылған «Астанаға» төменде көрсетілген командалар қарсылас болуы мүмкін.

1. «Анжи» (Ресей);
2. «Динамо» (Загреб, Хорватия);
3. «Вииторул» (Румыния);
4. «Минск» (Беларусь);
5. «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль);
6. «Иллеш Академия» (Венгрия);
7. «Влазния» (Албания).

Екі раундтан тұратын іріктеудің нәтижесі бойынша үздік шыққан сегіз команда плей-офф кезеңіне жолдама алады. Алғашқы раундтың ойындары қазанның 3-24 аралығында, ал екінші раундтың ойындары қарашаның 7-мен 8 күндері өтеді.

Бас демеуші- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз