Көпкүндік супервеложарыс «Вуэльтаның» 9- кезеңінде америкалық шабандоз Бен Кинг (Dimension Data) топ жарды, деп хабарлайды SportX.kz.
200 шақырымды құраған жарыс жолын жеңімпаз 5.30,38 еңсерді. Бүгінгі кезеңнің үздігіне 0,48 сек ұтылған Бауке Моллема (Голландия, Trek-Segafredo) мәреге екінші жетсе, екі жарым минуттай кешігіп жеткен Дилан Тойнс (Бельгия, BMC) тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.
Дилан Тойнсқа бары-жоғы бірер секундтай ұтылған «Астананың» лидері Мигель Анхель Лопес (Колумбия) төртінші орыннан табылды. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша Саймон Йейтс (Ұлыбритания, Mitchelton-Scott) генералдық тізімде бірінші орынға шықты. «Астананың» капитаны Мигель Анхель Лопес жалпы есепте әзірге жетінші орында тұр. Біздің лидер жеңімпаздан 0,27 секундқа қалып келеді.
«Вуэльта»
9-й этап
Талавера-де-ла-Рейна – Ла-Коватилья
200,8 шақырым
1. Бен Кинг (АҚШ, Dimension Data) – 5.30,38
2. Бауке Моллема (Голландия, Trek-Segafredo) – 0,48
3. Дилан Тойнс (Бельгия, BMC) – 2,38
4. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») – 2,40
5. Найро Кинтана (Колумбия, Movistar) – ……
6. Вилко Кельдерман (Голландия, Sunweb)
7. Ригоберто Уран (Колумбия, EF Education First-Drapac) – 2,43
8. Йон Исагирре Инчаусти (Испания, Bahrain Merida) – 2,46
9. Саймон Йейтс (Ұлыбритания, Mitchelton-Scott) – 2,49
10. Джордж Беннет (Аустралия, LottoNL-Jumbo) – 3,02
Жалпы есеп
1. Саймон Йейтс (Ұлыбритания, Mitchelton-Scott) – 36.54,52
2. Алехандро Вальверде (Испания, Movistar) – 0,01
3. Найро Кинтана (Колумбия, Movistar) – 0,14
4. Эмануэль Бухманн (Германия, Bora-Hansgrohe) – 0,16
5. Йон Исагирре Инчаусти (Испания, Bahrain Merida) – 0,17
6. Тони Галлопен (Франция, AG2R La Mondiale) – 0,24
7. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») – 0,27
8. Ригоберто Уран (Колумбия, EF Education First-Drapac) – 0,32
9. Стивен Крейсвик (Голландия, LottoNL-Jumbo) – 0,43
10. Джордж Беннет (Аустралия, LottoNL-Jumbo) – 0,48
Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»