Көпкүндік супервелодода «Вуэльтаның» 10-кезеңінде Элиа Вивиани (Италия, Quick-Step Floors)» үздік шықты. «Астана» велоклубының капитаны Мигель Анхель Лопес жалпы есепте әзірге жетінші орында келеді, деп хабарлайды SportX.kz.
Мұның алдында таулы-қыраттар арқылы өрбіген күрделі кезеңді артқа тастаған шабандоздар бұл жолы көп қинала қойған жоқ. 177 шақырымды құраған тегіс жолдағы жарыс спринтерлердің мәре алдындағы теке-тіресімен аяқталды. Спринттік финиште тактикалық тұрғыдан өзгелерді қапы қалдырған Элиа Вивиани мәре сызығын бірінші кесті. Словак шабандозы Петер Саган екінші, Джакомо Ниццоло (Италия, Trek-Segafredo) үшінші нәтиже көрсетті.
«Астана» сапында ең жоғары орыннан табылған Никита Стальнов болды. Қазақстандық велошабандоз мәреге 42- болып жетті.
Жалпы есептегі жағдай өзгеріске ұшыраған жоқ. «Астананың» капитаны бұл тізімде әлі де жетінші орында. Ол көш басындағы Саймон Йейтстен (Ұлыбритания, Mitchelton-Scott) бары – жоғы 0,27 секундқа қалып келеді.
«Вуэльта»
10-кезең
Саламанка – Фермоселье/Бермильо-де-Саяг
177 шақырым
1. Элиа Вивиани (Италия, Quick-Step Floors) – 4.08,08
2. Петер Саган (Словакия, Bora-Hansgrohe) – ……
3. Джакомо Ниццоло (Италия, Trek-Segafredo)
Жалпы есеп
1. Саймон Йейтс (Ұлыбритания, Mitchelton-Scott) – 41.03,00
2. Алехандро Вальверде (Испания, Movistar) – 0,01
3. Найро Кинтана (Колумбия, Movistar) – 0,14
4. Эмануэль Бухманн (Германия, Bora-Hansgrohe) – 0,16
5. Йон Исагирре Инчаусти (Испания, Bahrain Merida) – 0,17
6. Тони Галлопен (Франция, AG2R La Mondiale) – 0,24
7. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») – 0,27
8. Ригоберто Уран (Колумбия, EF Education First-Drapac) – 0,32
9. Стивен Крейсвик (Голландия, LottoNL-Jumbo) – 0,43
10. Джордж Беннет (Аустралия, LottoNL-Jumbo) – 0,47
Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»