Көпкүндік супервелдодода «Вуэльтаның» 15-кезеңінде Тибо Пион (Франция, Groupama-FDJ) топ жарды. «Астананың» капитаны Мигель Анхель Лопеса (Колумбия) мәре сызығын екінші қиды, деп хабарлайды SportX.kz.
Бұл күні пелотон Рибера-де-Арриба – Лагос-де-Ковадонга бағыты бойынша өте күрделі белестер арқылы өрбіген таулы жолды артқа тастады. Бүгінгі кезеңнің тағдыры мәре алдындағы соңғы асуда шешілді. Көмбеге алты жарым шақырымдай қалғанда кіл лидерлер бас қосқан топтың ортасынан суырылып алға шыққан Пиноның соңынан ілескен ешкім болмады. Екінші нәтиже көрсеткен «Астананың» капитаны Мигель Лопес мәреге жеңімпаздан 28 минутқа кешігіп жетті. Колумбиялық шабандоздың ізін ала жеткен ағылшын Саймон Йейтс («Mitchelton- Scoft») тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.
Осылайша үздік үштікті түйіндеген Саймон Йейтс әзірге жалпы есептегі кестеде өзгелерге дес бермей тұр. Екінші орынға жайғасқан испаниялық Алехандро Вальверде («MOVISTAR») жеңімпаздан 26 секундқа қалып келеді. «Астананың» лидері генералдық тізімде әзірге төртінші , ал оның отандасы Найро Кинтана (Movistar) үшінші орында.
Бас демеуші- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»