Астананың «Барысы» гол соғудан алда тұр

Астананың «Барысы» гол соғудан өзгелердің алдына шығып отыр. Алғашқы үш турдың нәтижесі бойынша «Барыс» Континенттік хоккей лигасының (КХЛ)  ең көп шайба салған командасы атанды, деп хабарлайды SportX.kz.

Астаналық хоккейшілер артта қалған үш кездесуде қарсы қақпаға он төрт гол соғыпты. Екінші нәтиже көрсеткен финляндиялық «Йокерит» пен Омбының «Авангарды» үш матчта он үштен, ал үздік үштікті түйіндеген нижегородтық «Торпедо» он бір  шайба соққан.

Гол салудан көзге түскен «Барыстың» қорғаныс шебіне келсек, мұндағы көрсеткіш мәз емес. Жерлестеріміз үш бәсекеде 11 шайба жіберіп алған.

Еске сала кетсек артық етпес, «Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы ойында Нижнекамскіде 6:1 есебімен  «Нефтехимиктен» басым түсcе, келесі екі кездесуде жолы болмады. Алдымен «Ақ Барыстан» (3:4)  ұтылса, одан соң  «Торпедоға (5:6 ОТ) есе жіберді.

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

 

Пікір жазыңыз