«Астананың» алдынан «АПОЭЛ» шықты

«Астана» Еуропалық лиганың плей-офф кезеңінде кипрлік АПОЭЛ клубымен күш сынасады, деп хабарлайды SportX.kz.

Кипрдің беткеұстар клубы Еуропа лигасының үшінші іріктеу раунды аясындағы қарымта матчта 3:1 есебімен «Хапоэльден» (Беэр-Шева, Израйль) басым түсті. Кездесудің 19- минутында Эден Бен- Басат есеп ашып, қонақтар алға шыққан. Осы голдан кейін ойын барысын мықтап қолға алған алаң иелері «Хапоэльдің» қақпасына қайта-қайта қауіп төндірумен болды. Бірақ үзіліске дейін қонақтардың қорғаныс шебін бұзып жару мүмкін болмады. Дегенмен алаң иелерінің тегеурініне төтеп бере алмаған қонақтар кездесудің 64-минутында ойынды ортадан бастауға мәжбүр болды. Бұл эпизодта қателікке бой берген Энтони Нвакаеме өз қақпасынан табылған автоголдың иесі атанды. Көп кешікпей жергіілікті жанкүйерлерді бір желпінткен Лукас Соуза, соңғы минутта тағы да  көзге түсті. Есеп -3:1. Екі клуб арасындағы алғашқы ойын 2:2 есебімен тең аяқталған. Сонымен екі матч нәтижесі бойынша «Хапоэльді» артқа тастаған «АПОЭЛЬ» енді біздің «Астанамен» күш байқасатын болады.

Алғашқы ойын 23- тамыз күні Кипрде өтеді.  «АПОЭЛЬ» мен «Астана» өзара бұған дейін де кездескен.  2015/16  маусымда астаналықтар ЧЛ плей-офф кезеңі аясында кипрлік клубты артқа тастап, тұңғыш рет турнирдің негізгі кезеңінен орын алған болатын. Араға бір жыл салып екі клуб Еуропа лигасының топтық кезеңінде қайта кездесті. Өз алаңында 2:1 есебімен ұтқан «Астана», қарымта матчта дәл осындай есеппен есе жіберген еді.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз