Астаналық шабандоз екінші нәтиже көрсетті

 Astana Pro Team командасының бір топ өкілі бұл күндері Норвегияда өтіп жатқан Арктикалық веложарыстың көрігін қыздыруда, деп хабарлайды SportX.kz.

Велододаның бірінші кезеңінде пелотон 184 шақырымдық жарыс жолын артқа тастады. Бұл  сында 22-жасар голландиялық велошабандоз Матье ван дер Пул үздік шықты. Велоспортшылар отбасынан шыққан Матье ван дер Пул 2015-жылы велокросстан әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Жеңімпазға бары-жоғы төрт секунд ұтылған жерлесіміз Сергей Чернецкий мәре сызығын екінші қиды. Мұның алдында Чернецкий көпкүндік «Польша турына» қатысып қайтқан. Сол жарыста жерлесіміздің жалпы есепте үздік үштіктің қатарынан көрінетін мүмкіндігі болған. Бірақ сәті түспеді.

Норвегияға жолы түскен шанбандоздарды алда Арктикалық көпкүндіктің үш кезеңі күтіп тұр.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз