Астаналық хоккейшілер Хельсинкиге аттанды

Астаналық «Барыс» клубының жаттықтырушылар штабы кезекті турнеге аттанатын команда құрамын жариялады, деп хабарлайды SportX.kz.

Континенттік лиганың тұрақты чемпионатында бір сыдырғы ойын көрсету кез-келген команданың қолынан келе бермейді. Сол сияқты соңғы үш ойында жеңілістен көз ашпаған астаналық ұжым алдағы ойындарға үлкен үмітпен аттанбақ. Алдағы сапар барысында  «Барыс» үш ойын өткізіп қайтады. 23- қараша яғни бүгін Хельсинкиде «Йокеритпен» , 25- күні Ярославльде жергілікті «Локомотивпен», ал турне аясындағы соңғы матчты Череповец қаласында «Северстальға» қарсы өткізеді.

Турнеге аттанған Президенттік спорт клубы ұжымының құрамы мынадай:
Қақпашылар: Доминик Граховина, Хенрик Карлссон, Владимир Крамарь;
Қорғаушылар: Кевин Даллмэн, Даррен Диц, Константин Климонтов, Александр Липин, Мадияр Ыбырайбеков, Алексей Маклюков, Валерий Орехов, Кирилл Полохов, Максим Семенов;
Шабуылшылар: Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Дастин Бойд, Кертис Волк, Дмитрий Гренц, Дмитрий Гурков, Ярослав Евдокимов, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Панюков, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Мэтт Фрэттин, Дмитрий Шевченко.

Бас демеуші — «Самұрық -Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз