Астаналық футболшылар Чехияға жиналды

Еуропа лигасы аясындағы топтық кезеңнің үшінші турын «Астана» Чехияда жергілікті «Яблонецке»қарсы өткізеді. Осыған орай елордалық клуб алдағы матчта жасыл алаңға шығатын футболшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды  SportX.kz.

«Астана» футбол клубы осымен төртінші жыл қатарынан Еурокубоктық турнирлердің топтық кезеңінде бақ сынап отыр. Елордалық клуб өнер көрсететін К тобында Киевтің «Динамосы», франциялық «Ренн» және Чехияның «Яблонец» клубтары бар.

«Астананың» Чехияға аттанатын құрамы мынадай:

Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов;

Қорғаушылар: Марин Аничич, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Антонио Рукавина, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Евгений Постников;

Жартылай қорғаушылар: Ласло Кляйнхайслер, Иван Маевский, Бактиер Зайнутдинов, Ричард Алмейда, Педро Энрике, Марин Томасов, Серікжан Мужиков;

Шабуылшылар: Джуниор Кабананга, Рангело Янга, Алексей Щеткин, Роман Муртазаев.

Естеріңізге сала кетейік, «Яблонец» — «Астана» матчы 26 қазан күні Астана уақыты  бойынша 01:00-де басталады.

Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз