«Астана»клубы қырықтағы хоккейшіні шақырыпты

«Астана» сапы жаңа маусым алдында тағы бір тәжірибелі хоккейшімен толықты, деп хабарлайды SportX.kz

Бұл хоккейшінің  аты-жөні спорт сүйер қауымға жақсы таныс. Ол- Федор Полищук. Шабуыл шебінде өнер көрсететін Полищук, КХЛ мен Суперлигада 600-ден астам матч өткізген. Сонымен қатар еліміздің бас командасы сапында 11 әлем чемпионаты мен Турин олимпиадасына қатысқан. Бір сөзбен айтқанда  мұз айдынында көрмегені жоқ.

Осыдан екі ай бұрын 39 жасқа толған «Астананың» жаңа ойыншысы бұған дейін «Металлург» (Новокузнецк),»Барыс» (Астана), СКА (Петербор) және»Торпедоның» (Өскемен) сапында өнер көрсеткен.

 

Пікір жазыңыз