Испанияда көпкүндік «Вуэльта» веломарафоны жалғасуда. Мәртебелі жарыстың 11-кезеңінде италиялық шабандоз Алессандро де Марки жеңімпаз атанды, деп хабарлайды SportX.kz.
Момбэйден шыққан пелотон 207 шақырымдық жарыс жолын Рибейра қалашығында аяқтады. Италиялық спринтер жарыс жолын 4 сағат 52 минут 38 секундта еңсерсе, екінші нәтиже көрсеткен Хонатан Рестрепо (Колумбия,Katusha-Alpecin) мәреге 28 секундқа кешігіп жетті. Үшінші орынға тағы бір италиялық шабандоз Франко Пеллицотти (Bahrain Merida) лайық болып шықты.
«Астана» велоклубының лидері Лопес осы кезеңде форс-мажорлық жағдайға тап болды. Колумбиялық шабандоздың велосипеді сынып, оны ауыстырғанша бір шама уақыт кетті. Осыған қарамастан Лопес жалпы есептегі жетінші орынды сақтап қалды. Қазақстандық клубтың капитаны көш басындағы Саймон Йейтстен бары-жоғы 0,27 секунд ұтылып тұр.
Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»