Бүгін қазақ футбол жанкүйерлері алыстағы Францияға көз тігеді. Еліміздің чемпионы «Астана» Еуропа лигасының екінші жолдамасы үшін «Ренн» клубымен сынға түседі, деп хабарлайды SportX.kz.
Францияға бір апта бұрын келген » Астана» жауапты матч алдында қысқа мерзіміді оқу-жаттығу жиынын өткізді. Осы жиын аясында Франция чемпионатының үшінші дивизион өкілі «Шамбли» клубымен жолдастық матч өткізіп, қарсыластарынан 1:0 есебімен алда болды.
Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы соңғы матчта екінші жолдаманың иегері анықталатынын ескерсек, бүгінгі ойынның құны екі жақ үшін де өте жоғары болмақ. Бір сөзбен жеткізсек, Президенттік клубқа өз жанкүйерлері алдында шындап сыналатын сәт енді келген сыңайлы. «Ренн» сияқты тарихы бай һәм өзіндік ойын өрнегімен танылған клубтан ұпай тартып алу оңай болмасы анық. Әйтседе, қазақ жанкүйерлері астаналық футболшылардың жолына үлкен үмітпен қарайды.
«К» тобында Киевтің «Динамосы» үздік шыққанын жақсы білесіздер. Екінші жолдамадан «Астана» мен «Ренн» үмітті. Қазір турнир кестесінде «Астана» 8 ұпаймен екінші орында тұрса, «Реннің» есебінде 6 ұпай бар. Екінші жолдаманы иелену үшін еліміздің чемпионына бүгінгі бәсекеде тең ойынның өзі жетіп жатыр.
Бас демеуші — «Самұрық — Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»