Бір аптаға созылатын Әлемдік тур аясындағы «Критериум Дюфиненің» тұсаукесер (пролог) кезеңінде поляк Михал Квятковский үздік шықты. «Астана» сапында ең жоғары нәтиже көрсеткен даниялық Михаэль Вальгрен болды, деп хабарлайды SportX.kz.
Президенттік «Астана» спорт клубының құрамына кіретін қазақстандық команда,былтыр бір апталық көпкүндіктің бас жүлдесін иеленген еді. 6,6 шақырымды құраған қысқа қашықтықтық тұсаукесер кезеңде алдына жан салмаған Квятковски (Team Sky) жарыс жолын 7минут 25 секундта еңсеріпті. Жеңімпаздан 1 секундқа қалып қойған голландиялық Йос ван Эмден (Lotto NL — Jumbo) мен италиялық Джанни Москон (Sky, +3 секунд) жүлделі екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
Көпкүндік велотур 10- шілдеге дейін жалғасады. Франциядағы дәстүрлі турдың ең қызықты һәм тартысты бөлігі ең соңғы кезеңге жоспарланған. Бұл күні велошабандоздар бес бірдей асуды бағындырса, оның төртеуі бірінші категориялы белестер қатарына жатады. Ал шешуші кезеңнің көмбесіне жетем деушілер Сен-Жерве-Мон-Блан (7 км , орташа градиенті 7,7%) асуы күтеді.