«Астана» өзіндік рекорд жасады

Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) жаңартылған рейтинг кестесінде «Астана» клубы 59- орынға көтерілді, деп хабарлайды SportX.kz.

Қазақстандық клубтар бұрын-соңды мұндай көрсеткішке қол жеткізіп көрген емес. Сондықтан «Астананың» жетістігі мақтауға тұрарлықтай.

Астаналық клуб жаңартылған рейтингте  «Интернационале» (Милан, Италия), «Фейеноорд» (Роттердам, Нидерланды), «Галатасарай» (Стамбул, Түркия), «Валенсия» (Испания), «Эвертон» (Ливерпуль, Англия), «Милан» (Италия), «Спартак» (Мәскеу, Ресей) сияқты танымал һәм әйгілі клубтарды басып озыпты.

Жалпы «Астана» бес маусым ішінде 402-позициядан 59- орынға көтеріліп отыр. Еліміздің төрт дүркін чемпионы алдағы бейсенбі күні Еуропалық лига аясында франциялық «Реннді» қабылдайды.

Бас демеуші- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

 

 

Пікір жазыңыз