«Астана» Киевке келді

Бүгін Украйнаның бас қаласы Киевте еліміздің чемпионы «Астана» жергілікті «Динамомен» кездеседі. Еуропа лигасы аясындағы топтық кезеңнің алғашқы ойыны Астана уақыты  бойынша 22:55-те басталады, деп хабарлайды SportX.kz.

«Астана» футбол клубы осымен төртінші жыл қатарынан Еурокубоктық турнирлердің топтық кезеңінде бақ сынайын деп отыр. Елордалық клуб өнер көрсететін К тобында Киевтің «Динамосы», франциялық «Ренн» және Чехияның «Яблонец» клубтары бар. Жерлестеріміз топтық кезеңдегі алғашқы кездесуін осы топтың фавориті саналатын «Динамоға» қарсы өткізеді.

Кеңес Одағы тұсында мәскеулік клубтарды алдына түсірмеген «Динамоның» тарихы бай. КСРО — 13 дүркін чемпионы. Халықаралық аренадағы жетістігі өз алдына бір төбе. Екі рет Кубок иегерлерінің Кубогын (19756,1986) және УЕФА Суперкубогының (1975) жеңімпазы атанған. Еуропалық турнирлерде олжа салған тұңғыш кеңестік команда саналады.

Бүгінгі күні бұрынғы «Динамо» жоқ. Оның үстіне Украйна футболы да өзгерген. Дегенмен бұл елде футбол өнеріне деген құрмет өте жоғары. 2012 -жылы Украйна көрші Польшамен бірігіп, Еуропа чемпионатын өткізгенін жақсы білесіздер. «Динамо» — Украйна футболының көшбасшысы. Ендеше алаң иелері бүгінгі ойында намысты қолдан бермеуге күш салатыны анық. Өз кезегінде Григорий Бабаян мен оның шәкірттері де Киевтен құр қол қайтпаймыз деп отыр.

Бас демеуші — «Самұрық -Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

Пікір жазыңыз